Азық-түлік бағасы бір жылда 11%-ке өскен. Ұлттық банктің мәліметінше, тауарлар әсіресе Маңғыстау облысында 12 процентке қымбаттаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны ел бойынша 7,2%-ке көтерілді. Баға елордада шамамен 8 пайызға дейін шарықтаған. Қазақстанда төрт жылда инфляцияның деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткенін бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеген. Ол инфляцияның күрт көтерілуін азық-түлік нарығындағы жағдаймен байланыстырды. Маусымда 7,9%-ке бірақ көтерілген инфляция шілдеде 8%-дан асқан еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144161/)