Ақтауда мұғалімдердің індетке қарсы екпе алу қарқыны артты. Облыс орталығында 39 мектеп бар. Онда 3 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Соның 2 жарым мыңға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Мұғалімдер екпені ерікті түрде мамыр айынан бастап алған. Қазір мектептерде жаңа оқу жылына дайыздық қызу жүріп жатыр. Әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық талаптар басты назарда. Биыл Ақтауда 6 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барады.
Гүлназ Разуанова, Ақтау қалалық «мамандандырылған IT лицей» КММ әдіскері:Мамандандырылған IT лицей мемлекеттік мекемесінде 90 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 71-і бүгінгі таңда вакцина толықтай алды. Ал, 19ы денсаулығына байланысты анықтама негізінде вакцинаны кейінге шегерді. Әр ұстаз тек ата-ана емес,баланың денсаулығына жауапкершілікті вакцинаны толықтай алды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда мұғалімдердің 99 пайызы екпе алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144177/)