Қорғаныс министрлігі қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылдады

17.08.2021

Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте осындай шешім қабылданды. Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды.

Дәурен Абуллин, ҚР ҚК БШ стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы:
Әуе кеңістігін қорғау бойынша қызмет атқаратын кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаны және майдан авияциясының құрамы ұлғайтылды. Әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігі күшейтіліп, қоймалар мен арсеналдарды күзету үшін қосымша жасақтар бөлінді. Арнайы операциялар мен әскери көлік авияциясының бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу