10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды. Бірінші тамыздағы статистикалық мәліметтер осыны көрсетті.
Жалпы 1991-ші жылдан бері бір миллионнан астам қандасымыз Қазақстанға оралды. Биыл атамекенге келгендердің 80 пайызға жуығы Өзбекстаннан оралған. Қалғандары Қытай, Түркіменстан, Моңғолия және басқа елдерден келген. Олардың көбісі еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлеріне қоныстанды. 50 пайыздан астамы еңбекке қабілетті азаматтар болса, 30 пайызға жуығын жеткіншектер мен зейнеткерлер құрайды. 11 пайызында жоғары білім бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл 10 мыңнан астам этникалық казақ қандас мәртебесін алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144230/)