Қыркүйекте жарықтың бағасы тағы өседі. Энергетика министрлігі сәуірде энергия өндіруші ұйымдарға шекті тарифті 15%-ке көтерген. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері мұның жарық бағасына әсер еткенін айтады. Биылдың өзінде электрмен жабдықтау 10%-ке қымбаттады. Мамандар мұның шамамен 3,5%-ке тағы көтерілетінін жеткізді. Бірқатар өңірде электр энергиясының құны өсті. Ал күзде тарифті көтермеген аймақтарда ғана баға өзгеретінін айта кетейік.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қыркүйекте жарықтың бағасы тағы өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144236/)