Президент Ауғанстандағы этникалық қазақтарға көмек беруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ауғанстандағы этникалық қазақтарға көмек беруді тапсырды

18.08.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы этинкалық қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырды. Яғни қандастарымыздың өтінішіне байланысты оларды атамекенге жеткізу мәселесі бойынша барынша жәрдем жасалуы қажет. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Ведомстваның мәліметіне сәйкес, Ауғанстан аумағында 15-ке тарта қазақ отбасы тұрады. Нақтырақ айтсақ, бас аяғы 200-ге жуық адам. Қазір министрлік тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Кейбір қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақ тұрады деген жалған ақпарарт таратып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты ақпаратты мұқият тексеруді қажетсіз дүрліктірмеуді сұраймыз. Біз тиісті жұмыс жүрігізіп жатырмыз. Және ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз.

Сондай-ақ Ауғанстанда 10 қазақстандық дипломат Штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Олардың қауіпсіздігі сақталған. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, әлі де сол жақта қалып қойған, елге оралғысы келетін қазақстандық азаматтар болса, Кабулдағы Қазақстан елшілігіне хабарласу қажеттігін ескертті. Бір айта кетерлігі, соңғы күндері біздің елшілікке келіп, өзін қазақпын деп таныстырып Ауған елінен кетуге ниеттенген түрлі ұлт өкілдері көбейген. Сондықтан дипломатиялық ведомства тексеру жұмыстарын күшейтті.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу