Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні артқан. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, өзара сауда көлемі $23 млрд-тан асуы мүмкін. Кездесу барысында екі ел арасындағы байланысты бекемдейтін бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144271/)