Тамыздан бері алтын арзандап жатыр. Бағалы металдың құны 38 долларға төмендеген. 1822 доллардан саудаланған алтынның бағасы қазір 1780 долларға түсті. Ұлттық банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес 1 грамм алтын 24500 теңгеге бағаланған. Сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуіне доллардың біршама нығаюы әсер еткен. Олар алдағы уақытта күмістің де құны төмендеп, 24 долларға арзандауы мүмкін екенін айтады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алтын 38 долларға арзандады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144292/)