Өскемендегі дәріханалардың бірінде құрамында есірткісі бар дәрілер заңсыз сатылған. 48 жастағы фармацевт препараттарды дәрігердің арнайы нұсқауынсыз саудалаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тропикамед препаратының, 11 данасы трамадол препаратының 2 данасы тәркіленді.
Нариман Кульдиков, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:Жиналған материал ҚР ӘҚБК 426 бабы бойынша дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жолданды. Жыл басынан бері осы бап бойынша 5 факті анықталды. Дәріхана иесіне 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде фармацевт құрамында есірткісі бар препараттарды заңсыз сатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144308/)