Қытайда үш бала тууға рұқсат беретін заң қабылданды. Бұл құжаттың мақсаты – халық саны өсімін қалпына келтіріп, қоғамның қартаюын тоқтату. Коммунистік үкімет ерлі-зайыптыларға үш перзентті болуға рұқсат ететінін алғаш рет мамырда жариялады.
Айта кетсек, бұл мемлекет «бір бала» саятынан 2016 жылы бас тартты. Алайда, одан кейін қабылданған 2 бала саясаты туу көрсеткіштерінің төмендеуін тоқтата алмады. Соңғы санаққа жүгінсек, Қытайда 5 жыл бұрын 18 миллион, ал былтыр 12 миллиондай ғана сәби дүниеге келген.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда әр отбасыға үш бала тууға рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144317/)