Павлодар облысында орман өрті жиілеп кетті. Себебі, найзағай ойнап, қурап тұрған қарағайға жай түсетін болған. Биылғы жылы өрттің 80 пайызы найзағайдан,-дейді мамандар. 600 гектардан астам жер күйіп кетті. Оның 250 гектары - жасыл желек. Сондықтан Шалдайдағы қарағайлы орман алқаптарына тәулік бойы жұмыс істейтін 16 бекет орнатылды. От бықсып жана бастағаннан-ақ мұнара басынан дабыл қағылып, арнайы техника жұмылдырылады.
Қадырбай Тоқтасын, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының директоры:Бүгінгі күні 63 өрт орын алып отыр. Оның 59 жаңағы найзағайдан. Бір күнде 28-29 өрт орыны табылды. Қиыншылықтарға, туындаған ауыр жағдайларға қарамай уақытында, уақтылы сөндіріп алған жағдайымыз бар.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында орман алқаптарына 16 бекет орнатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144321/)