Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре балығын тасымалдаған браконьерлер ұсталды. Лексус маркалы жол талғамайтын көлікке 120 дана су маржанын тиегендер Исатай ауданы Жанбай ауылының тұсында қолға түсті . Таңғы сағат 5-тер шамасында бағалы балық әкеле жатқан көлік жолға шыға алмай батып қалған. Инспекторлар браконьерлерден балықтан бөлек, екі дорба ау құралдарын тәркілеген.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Осы іске күдікті деп танылған азамат 1971 жылғы бұрын да соттылығы болған осыған ұқсас баппен, яғни заңсыз балық аулау фактісі бойынша. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚК 339 бабы1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жарты тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144336/)