Еуразиялық экономикалық одақтың дағдарысқа қарсы шараларын дамыту маңызды. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қырғызстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына осылай деді. Төраға ретінде қатысқан Премьер-Министр одақтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бастама көтерді. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында темір жол тасымалдарын цифрландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Туризмді дамыту үшін вакцинация паспорттарын одақ елдерінде өзара тану тетіктерін ойластыру керек. Азық-түлік нарығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жедел шаралар қабылдау туралы да айтылды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Азық-түлікті бірлесе өндіру мен оны сыртқы нарықтарға шығару әлеуетін арттыру қажет. Бұл міндеттерді іске асыру біздің макроөңірге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өзін еуразиялық кеңістіктегі ең маңызды азық-түлік хабтарының бірі ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мамин: ЕАЭО-ның дағдарысқа қарсы шараларын дамыту маңызды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144341/)