Атырауға тағы да Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді. Қытайлық препарат өңірдегі 59 егу пунктіне таратылды. Sinopharm компаниясы шығарған өнімнің I компонентін 1700 тұрғын алып үлгерді. Қазір облыста аталған вакцинаның 30 мың дозасы бар. Мұнайлы аймақта эпидахуал әлі де күрделі. Бүгін анықталған 302 адамның 55-і Теңіз кенішінен тіркелді. 93 науқас реанимацияда жатыр. 7 тұрғын қайтыс болды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауға «Vero Cell» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144405/)