Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. 28-тамыздан бастап «Ашыққа» қосылған барлық бизнес нысандарының жұмысы демалыс күндері 24:00-ге дейін ұзартылады. Келушілер түгел «жасыл» мәртебелі болса, нысандардың түнгі екіге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Ал, 30-тамыздан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмыс күндері де, осы уақытпен келушілерге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, сенбі күні қоғамдық көліктер жүреді. Алайда, Алматыдағы эпид-ахауалға байланысты жеңілдіктер шаһарға тек, 4-қыркүйектен бастан енгізілмек. Жиында жаңа оқу жылына әзірлік те пысықталды. Ералы Тоғжанов, ұстаздарды вакциналауды аяқтап, білім ошақтарының толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантиндік шаралар жеңілдетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144441/)