Отандық вакцина өндіру ісін жетілдіру қажет. Коронавируспен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері осылай дейді. Жамбыл облысы Отар елді мекенінде орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инстутытына барған штаб мүшелері екпе шығару өндірісімен танысты. Мекеме базасындағы «ОтарБиоФарм» зауыты қыркүйектен бастап жыл соңына дейін QazVac вакцинасының 2 млн дозасын шығаруды жоспарлап отыр. Штаб өкілдері аймақтарды аралап, халық арасында екпе алуды насихаттап жүр. Белсенділер індетті жеңудің жалғыз жолы – дер кезінде вакцина алу деп отыр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отандық вакцина өндірісін өркендету қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144445/)