Талдықорғандағы шина өңдейтін зауытта болған жарылыстан 3 адам зардап шекті. Екеуінің жағдайы - орташа, біреуі – ауыр хәлде. Олар қазір Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс түнгі 3-тер шамасында Медеу көшесінде орналасқан шағын цехта болған. Қазір оның себеп-салдары анықталып жатыр. «Жарылыс қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін», - дейді мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, жапа шеккен жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп қалған.
Ілияс Бүйрекбаев, қалалық көпсалалы аурухананың дәрігері:
Бүгін таңғы 4-те 3 науқас қабылдау бөліміне түсті аса ауыр күйік жарақаттарымен. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, 93-95 пайыз күйік жарақатын алған. Қалған екі науқастың жағдайы орташа жағдайда.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда зауыттағы жарылыстан 3 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144462/)