Жамбыл облысында биыл 11 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, оның сегізі бірінші қыркүйекке дейін ашылады. Бұл жөнінде «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Жамбыл облысының басты жетістіктері» тақырыбында өткен жиында айтылды. Келелі кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіші де сараланды. Білім-ғылым, мәдени-спорт саласындағы іске асып жатқан жобалар да сөз болды. Сондай-ақ, аймақта жастарды қолдау бағытында түрлі бағдарламалар сәтті іске асуда.
Уәлихан Болатбек, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:Дарынды жастарды барынша қолдау. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жағдай жасау. Жастар ресурстық орталығы біздің өңірден алғаш болып бастау алған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында биыл 11 жаңа мектеп пайдалануға беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144538/)