Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыста қаза тапқандардың үйіне барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қорғаныс министрі мен Бердібек Сапарбаев жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144589/)