Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 - тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қайғылы оқиғаға байланысты бүгін сағат түнгі 12:00-де елордадағы бас байрақ пен еліміздегі барлық тулар төмен түсірілді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев аза тұту күніне байланысты:
«Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деді.
Бұл ел тарихында оныншы рет жарияланып отырған Жалпыұлттық аза тұту күні. Еске сала кетсек, 26 тамыз күні сағат кешкі 19:00 шамасында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, салдарынан жарылыстар болды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144617/)