Жамбылдағы жарылысқа байланысты құрылған арнайы комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Барлығы 118 нысанға зақым келген, жөндеуді қажет етеді. Оның 106-сы тұрғын үй өзгесі коммерциялық ғимарат. 36 тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталып отыр. Қалғандарына келген зақым аса күрделі емес. Жөндеу жұмыстары бүгін басталып кетті.
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:Барлық қалпына келтіру жұмыстары үкіметтің беретін қаржысына, қосымша жергілікті бюджеттен. Өңіріміздің демеушілерін тартамыз. Бүгіннен бастап бір үйдің жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Қалған үйдің жұмыстарын ертең арғы күндері бастаймыз.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысындағы жарылыс: 118 нысанға зақым келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144655/)