Алматы облысының өзен-көлдерінде 8 ай ішінде заңсыз балық аулаған 94 азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам жағдай тіркелген. Балқаш-Алакөл су бассейніне жүргізілген рейд барысында 1 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық пен 178 тыйым салынған құралдар тәркіленді. 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, табиғатқа 12 млн теңге көлемінде залал келгені анықталды. Балық аулауға рұқсат етілмеген 5 мың метр моножіпті ау өртелген.
Серік Байғозинов, Алматы облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:Жыл басынан жалпы мыңнан астам экологиялық заңбұзушылықтар анықталып, олар бойынша 94 қылмыстық іс қозғалды. 20-дан астам қайық тәркіленіп алынды заңсыз балық аулаушылардан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында заңсыз балық аулаған 94 азаматқа қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144691/)