Қатаң локдаун сейіле бастаған тұста көші-қон қайта жалғасып жатыр. Биыл маусымға дейін 4600 адам елге көшіп келген. Карантин шектеуінен шекаралар жабылған соң келген адамдар былтырға қарағанда 34 пайызға азайған. Биыл Қазақстанға келген 260-тан аса адам экономист, 150 азамат медицина маманы, ал заңгерлер 90-ға жуық. Былтырмен салыстырғанда елге келетін педагогтар 17,7%-ке азайған. Елге көшіп келген адамдардың 800-ден астамы Алматыға тұрақтады. Сонымен бірге көбі Маңғыстау облысы мен Шымкентке қоныс аударған. Ал пандемияға қарамастан елден көшіп кеткендер 14 мыңнан асады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маусымға дейін елге 4600 адам көшіп келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144715/)