Сүт өнімдерін таңбалау тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер таңбалау жүйесін енгізуге кететін шығынды есептеп, осындай болжам жасап отыр. Айтуынша, Шығыс Қазақстанда сүт өнімінің бағасы 29%-ке өсуі мүмкін. 1 литр сүт 420 теңгеден 600 теңгеге қымбаттайды дейді кәсіпкерлер. Себебі қосымша есепші, таңбаланған тауарды қабылдап алуға жауапты маманның еңбекақысы, кассалық аппаратты құны 1 млн теңге тұратын аппаратқа алмастыру қосымша шығын екенін айтады. Олар таңбалау жүйесін енгізуге қосымша ақша бөлуді сұрап отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сүт өнімдерін таңбалау тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144716/)