Енді еліміздегі эпидахуалға тоқталсақ. Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті. Қазір 11 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қауіптің "қызыл" деңгейінде қалып тұр. Тек Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.
Өткен тәулікте 4 320 адам коронавирус жұқтырды. Вирустық белгілері бар пневмония 58 адамнан анықталды. Бір күнде 134 науқас қайтыс болды. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 669 мыңнан асты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 4 320 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144742/)