Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады. Асқар Мамин Президент Жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыру үшін 7-қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірлеп, бекітуге ұсынатынын айтты. Бұл құжат экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қамтиды. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыру да назардан тыс қалмақ емес.
Сондай-ақ, импортқа тәуелділікті азайту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының құбылуына жол бермеу бойынша атқарылатын жұмыстар баяндалды. Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Премьер-Министрді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144799/)