Елімізде халық саны ең тығыз орналасқан Түркістан облысында екпе алғысы келетіндер қатары күн санап артып келеді. Өткен тәулікте өңірде 6 мыңнан аса адам екпе салдырған. Ал, күні бүгінге дейін 745 мыңнан аса тұрғын вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерген. 606 мың адамға екінші компонент салынған. Сондай-ақ, аймаққа індетке қарсы вакцинаның 791 мың дозасы жеткізілген.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында 745 мыңнан астам адам екпе алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144821/)