АҚШ-тың солтүстік-шығыс штаттарында «Ида» дауылынан кейінгі алапат тасқыннан кемінде 45 адам мерт болды. Су апатынан, әсіресе, Нью-Йорк пен Нью-Джерси қатты зардап шекті. Құрбандардың көбі – осы екі штаттан.
Сонымен қатар, бұл аймақтарда талай үй мен көлікті және метро станцияларын су басып, ұшақтар сапары доғарылған. Ал, Президент Джо Байден Нью-Йорк пен Нью-Джерсиде төтенше жағдай жариялап, оларға федералдық үкіметтен көмек беруді бұйырды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың солтүстік-шығыс штаттарында алапат тасқыннан 45 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144822/)