Оралда 15 адамға жалған екпе құжатын жасаған медицина қызметкері ұсталды. Ол қаладағы емханалардың бірінде жұмыс істейді. Жалған вакцина паспортын сатып алғандардың дені – мектепке дейінгі ұйымдар мен сауда саласының қызметкерлері. Енді жалған құжат пен ПТР-тест сатқандар да, оны алғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Айнагүл Мұташева, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бөлімінің бас маманы:Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, материалдық баю мақсатында олар ақшалай сыйақы алу үшін электрондық модулінде алынған вакцинация журналына жалған ақпарат енгізді. Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлі ақпарат айтылмайды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда 15 адамға жалған екпе құжатын жасаған медицина қызметкері ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144917/)