Алдағы күндері елімізде күн суытып, жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік аймақтарда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. 8-9 қыркүйекте Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіліп отыр. Батыс аймақтарда ауа температурасы күндіз 14-22, солтүстік пен орталықта 13-23 градус жылы болады. Шығыста термометр бағаны 20-25, оңтүстікте 22-27 градусты көрсетеді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде күн суытып, жауын-шашын болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144941/)