Елде 10 сауда желісі азық-түліктің бағасын заңсыз өсірген. Олар әлеуметтік маңызы бар азықтың сатып алу бағасын тағы 15%-тен жоғары көтеріп, қымбатқа саудалап келген. Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір нарыққа тексеріс жүргізуді бастады. Тауарды негізсіз қымбаттатқан саудагерлерді жауапқа тарту үшін әкімдіктерге хат жолдаған. Әлеуметтік азық-түлікке ұн, жұмыртқа, күріш, қант пен сүт өнімдері секілді 19 түрлі тауар кіреді. Жауаптылардың айтуынша, қаңтардан тамызға дейін олар 9,9%-ке шарықтаған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=10 сауда желісі азық-түлік бағасын заңсыз өсірген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145000/)