Алматыда корнавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Осыдан 10 күн бұрын ауруханаларға бір тәулікте 700-дей науқас жатқызылса, қазір олардың саны 400-ге жетпейді. Емделіп шыққандар қатары да артып келеді. Үй жағдайында ем қабылдап жатқан тұрғындар саны 14 200-ден 7400-ге төмендеді. Қазір стационарларда 3 669 науқас емделіп жатыр. Сондықтан провизорлық орталықтар мен инфекциялық стационарлар жабылып жатыр. Мәселен, осы аптада Халық Арена ковид жұқтырған науқастарды қабылдауды тоқтатады. Өйткені ауруханаларда орын жеткілікті. Эпидахуал жақсарып келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда эпидахуал жақсарып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145062/)