Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Алматы-2 – Маңғыстау жолаушылар пойызына кранның бөлшегі құлады.
Шоқысу станциясында жүк пойызы орнынан қозғалған кезде 26-шы вагонға тиелген кранның қауғасы келесі жолдағы жолаушылар пойызының 13 вагонына зақым келтірген. Екі вагонның терезесі сынып,тағы екеуінің тұтқалары бүлінген. Жолаушылар аман. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жолаушылар пойызына кран құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145132/)