Испанияның Эстепона курорттық қаласында орман өрті қаулап, 900-ден астам адам үйлерін уақытша тастап кетті. Жалынды сөндіру кезінде 44-жастағы өрт сөндіруші қаза тапқан. Сәрсенбінің таңында тұтанған от жасыл желегі жайқалған 2 мың гектар орман алқабын күлге айналдырды. «Рейтердің» мәліметінше, тілсіз жау әлі бақылауға алынған жоқ. Оны сөндіруге 300-ден астам маман жұмылдырылған. Лапылдаған өрт қаупінен Жерорта теңізі бойындағы бірнеше жол уақытша жабылды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда орман өрті қаулап, 900-ден астам адам үйлерін уақытша тастап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145137/)