Футбол матчында жаппай төбелес болды. Демалыс күндері Нұр-Сұлтандағы «Сайран-аренада» Astana Fytbol Ligasy-ның кезекті турнирі өткен. Ойын барысында футболшылар сөзге келіп, артынша жанжал жаппай төбелеске ұласты.
Әуесқой клубтардың отызға жуық ойыншысы бір-бірін аяусыз соққыға жыққан. Нәтижесінде бірнеше адам басынан ауыр соққы алып, біреуі есінен танып қалды. Қазір төбелестің нақты себебі анықталып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда матч кезінде футболшылар төбелесіп қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145194/)