Қазақстанда заңсыз қару-жарақ сатып алу және сақтау деректері рекордтық көрсеткішке көбейіп кетті. Қаңтар-шілде айларында қару айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық 43 пайызға көбейіп, 874 іс тіркелген. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау және бопсалау жағдайлары бойынша 13 дерек тіркелген. Антирекордтың басында Алматы тұр. Қозғалған қылмыстық іс былтырғымен салыстырғанда 2,1 есе көбейген. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы. Ал, үштікте Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңсыз қару-жарақ айналымына қатысты қылмыстық іс көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145199/)