Ақтауда 150-ден астам тұрғынға екпенің жалған пастортын сатқан 8 адам ұсталды. Заңсыз әрекетке барған дәрігерлер қаладағы жеке және мемлекеттік емханаларда жұмыс істейді. Олар вакцинаның жалған құжатын әзірлеп, делдалдар арқылы тұрғындардан 30-50 мың теңге көлемінде ақша алып келген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен үйлеріне жіберілген.
Алтынбек Қалиев, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Шілде айынан бері бұл ақпарат келіп түсті криминалдық полиция басқармасына. 2 айдан бері жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Барлығы құжаттандырылды бұлардың істеген жұмыстары бәрі. Ары қарай да бұлардың қаншама дәрігерлермен жаңағы нелермен анықталады.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда 150-ден астам тұрғынға жалған екпе пастортын сатқан 8 адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145201/)