Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сы сессиясы ашылады.
Биыл шаралардың көбі онлайн емес, ұйымның Манхэттендегі штаб-пәтерінде өтпек. Коронавирустың тарауына қарамастан, алдағы екі аптада ассамблея жиындарына ондаған елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Айта кету керек, қазір БҰҰ алдында тұрған өзекті мәселелер - Ауғанстан мен Мьянмадағы жағдай. Бұл екі елде билік күшпен ауысты. Мьянма үкіметін ақпанда армия құлатса, ал тамызда тәліптер Ауғанстанды басып алды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145288/)