Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты. Оқыс жағдай оқу-жаттығу барысында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайтыс болған офицер капитан шенінде болған. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Бұған дейін шамамен 50 мәрте парашютпен секіріп, штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Марқұм жайлы өзге де ақпаратты туыстары жарияламауды өтінген.
Ғани Нүсіпов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің офицері:
Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы күштердің жеке құрамында болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында әскери қызметкер парашютпен секіру кезінде көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145354/)