АҚШ, Ұлыбритания, Австралия Қытайға қарсы одақ құрып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ, Ұлыбритания, Австралия Қытайға қарсы одақ құрып жатыр

16.09.2021

Ұлыбритания, АҚШ, Австралия Қытайға қарсы тұру үшін арнайы қауіпсіздік келісімін жариялады. Оның мақсаты – технологиямен бөлісу. Бұл серіктестіктің арқасында Австралия алғаш рет су асты атом қайығын жасай алады.

АҚШ президенті Джо Байден, британ премьер-министрі Борис Джонсон және оның австралиялық әріптесі Скотт Мориссондар одақтастық туралы мәлімдемені үшжақты виртуалдық конфереренцияда жасады.

Сонымен қатар, бұл пәтуада жасанды интеллект, кибер және квантумдық технология бойынша ынтымақтасу да көзделген.

Айта кетсек, кейінгі кездері Үнді-Тынық мұхит аймақтарында Қытай әскерінің күшеюі Вашингтонды, Лондонды, Канберраны айтарлықтай алаңдатып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу