Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар ұрланған малды Ақтөбе мен Қандыағаш қаласының базарларына өткізіп отырған.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 6 адамнан тұратын топтың Мұғалжар ауданының аумағында жасалған осындай 5 іске қатысы бары дәлелденген. Күдіктілер кезекті ұрлық кезінде қолға түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жақсылық Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145413/)