Бүгін Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 10-шы отырысында осындай бастамаға мүмкіндік беретін арнайы келісімге қол қойылды. Қазақстан Машина жасаушылар одағы басшылығының айтуынша, Германиямен бұл салада 7 жылдан бері байланыс орнатып келеді.
Ал, бүгінгі келісім аясында екі ел кәсіпкерлері біріккен кәсіпорындар құруды, жаңа технологиялармен бөлісуді қолға алмақ. Жиын барысында бұдан өзге 20-дан астам келісімшартқа қол қойылды. Жалпы құны 1 млн. еуроға жуықтайтын бұл жобалар екі елдің әлеуетін арттыруды көздейді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Болашақта елімізде неміс автокөліктері құрастырылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14543/)