Елде сауда-саттық біртіндеп пандемияға дейінгі қалпына келіп жатыр. Былтырмен салыстырған биыл сауда 12%-ке өскен. Мамандардың айтуынша, салаға құйылған инвестиция 39%-ке жетті. Ал сауда және интеграция министрлігі былтырға қарағанда жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің саны 6,7%-ке өскенін хабарлады. Сарапшылар енді электрондық саудаға басымдық беру керегін айтады. Карантин уақытында онлайн сауданың артқанын атап өтті. 2025 жылға қарай оның көлемі 2 трлн теңгеге жетеді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде сауда-саттық біртіндеп пандемияға дейінгі қалпына келіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145440/)