Маңғыстау өңірінде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы 2 аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 есе төмендеді. Қауіпті індет соңғы 1 тәулікте 14 адамнан анықталды. Қазір провизорлық стационардың 25 пайызында ғана науқастар ем алып жатыр.
Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері:5 стационар жабылған бұрын қосымша ашылғандар. Бүгінгі таңда тек қана Ақтау қаласындағы модульдік стационар жұмыс жасауда. Сенбіден бері өңіріміз сары аймаққа өтті. 7 күн өткеннен кейін, жеңілдету шаралары осы аптада Маңғыстау облыстық жедел штабтың отырысында қаралады.
Түркістан облысында жаңа оқу жылы басталғалы 31 мұғалім мен 108 оқушы індетке шалдыққан. Инфекция жұқтырған оқушылардың 26-ы оффлайн форматта сабаққа қатысып жүргендер болса, қалған 74 оқушы демалыс күндері кеселге шалдыққан. Науқастармен қарым-қатынаста болған 1777 оқушы мен 71 сынып карантинге жіберілді. Ал, оқу онлайн форматқа көшірілді. Сондай-ақ, облыста 934 білім беру ұйымы түгел «ASHYQ» бағдарламасын енгізген.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда 5 провизорлық стационар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145486/)