Биыл жарықтың бағасы 19%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда бірінші деңгейлі электроэнергия 100 кВт/сағатына 1500 теңгеге қымбаттаған. Екінші деңгейлі жарықтың тарифі 1800 теңгеге көтерілді. Ақтөбе мен Атырауда өзге өңірлерге қарағанда жарықтың бағасы арзанырақ – 1000 теңгеге жетпейді. Ал Ақтау мен Алматыда керісінше тариф құны 1700 теңгеден асады. Елордада 1200 теңге. Шымкентте тұрғындар электроэнергия үшін 100 кВт/сағатына 1500 теңге төлейді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл жарықтың бағасы 19%-ға өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145508/)