Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады. Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейтінін жеткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. Ал, Владимир Путин, Алматыдағы атыстан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту сөзін жеткізуді сұрады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145518/)