Еуропада газ қымбаттады. Мың текше метрі 900 доллардан асты. Еуропа мен АҚШ-та 5 жылда газ көлемі азайып, тамызда бағасы 35 пайызға шарықтаған. Есесіне Қазақстанда газдың экспорты біршама қысқарды.
Көгілдір отынның бағасы шамамен 3 пайызға өскен еді. Баллондағы сұйытылған газ 6,7 пайызға қымбаттады. Ал тауарлы газдың текше метрі шілдеде Нұр-Сұлтанда 34 мың теңгеден асты, Алматы мен Шымкентте 28 300, Ақтөбеде 9700 теңгеден саудаланған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропада газ қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145556/)