Павлодар облысының мектептерінде 245 сынып екі аптаға карантинге жабылды. Жаңа оқу жылы басталғалы 250-ге тарта оқушы, 45 мұғалім короновирус жұқтырған. Сырқатқа шалдыққандардың дені Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан. Ал, шалғай аудандардағы оқушылар аман. Тек облыс орталығының дәл іргесіндегі Павлодар ауданында 6 бірдей мектепте 10 сынып карантинге жабылды.
Ғизат Әбешев, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Барлығы 100 мектептің 245 сыныбы карантинге жабылды. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі Павлодар қаласында. Яғни, 42 мектепте 125 сынып. Ақсу ақалсында 10 мектепте 24 сыныптың оқушылары қашықтықтан оқиды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 245 сынып карантинге жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145569/)