Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында Алматы-Ташкент тасжолында болды.
Данияр Асқарұлы, тілші:
Жантүршігерлік жол апаты Байзақ ауданы аумағынан өтетін үлкен күре жолдың бойында болып отыр. Алматы-Ташкент тасжолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік қатты соқтығысқан. Бейнекөріністен байқағанымыздай автокөліктер қарсы бетке шығып қақтығысқан. Өкінішке қарай, 6 адам оқиға орнында жан тапсырған. Ал, Toyota Camry автокөлігінің жарақат алған екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Арнайы сараптама тағайындалған. Жалпы Жамбыл облысында соңғы 8 айда осындай жол апаттарынан 139 адам қаза тапты. 1000-нан аса адам ауыр жарақат алған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145616/)