Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы «жемқорлық жасады» деген күдікке ілінді. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған қатысты толық мәлімет бермеді, бірақ жоққа да шығармай отыр. Спорт саласына Жақсылық Оспанов 1 жарым жылдай басшылық еткен. Айта кетейік, тамыз айында мәдениет басқармасының басшысы 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында спорт басқармасының басшысы жемқорлық бойынша күдікке ілінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145647/)